Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы қорғану бетперделерін өндіруді қолға алған колонияға барды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Аршалы кентінде орналасқан ЕЦ-166/5 төтенше қауіпсіздік мекемесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс сапары барысында министр осы мекеменің өндірістік алаңында медициналық бетперде жасау процесімен танысты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ІІМ басшысының тапсырмасы бойынша ҚАЖК ”Еңбек” РМК колонияларында қорғану бетперделерін тігу жұмысы ұйымдастырылды. ”Еңбек” республикалық мемлекеттік кәсіпорны осы бұйымдарды дайындауға сертификатталған рұқсат алды.

Стандартқа сәйкес, қорғаныс құралының материалы гипоаллергенді болып табылады, шаңнан қорғау қасиеттеріне ие, сонымен бірге ауаны жақсы өткізіп, жұқпалы аурулардың тәуекелдерін азайтады.

Қорғану бетперделерін ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланады, олар медициналық қызметкерлермен бірге карантиндік іс-шараларға қатысуда және елде енгізілген төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп пен аса маңызды стратегиялық объектілердің қорғанысын қамтамасыз етеді.

Қорғану бетперделерін тігуді жаппай іске қосу мақсатында барлық өңірлердің ҚАЖ мекемелерінде тігін цехтарының қызметі жандандырылды, мыңнан астам тігін станоктары мен машиналары іске қосылды, олардың тәуліктік өнімділігі 50 мыңды құрайды. Бүгінгі таңда қазақстандық колонияларда 130 мыңнан астам бетперде өндірілді.

«Коронавирусты жағдай біздің қоғамымызды біріктірді және пенитенциарлық жүйе шетте қалмағанын атап өткім келеді. Бүгін мен Аршалы қаласындағы мекемеге бардым, онда бетперде тігу цехында 40 адам жұмысқа орналасқан. Өздеріңіз көріп отырғандай, санитарлық талаптар сақталады, бетперде тігу материалдары бар. Сотталғандар елде қалыптасқан жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, екі ауысымда жұмыс істеуге дайын. Мен ҚАЖК-нің және «Еңбек» РМК-ның басшылығына сотталғандарға жалақы төлеуден басқа, оларды ақшалай сыйақымен көтермелеуді тапсырамын», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.


Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы ерекше режимде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста карантиндік іс-шараларға қатысуда. Күн сайын жасақ қызметіне 15 мыңнан астам полицей, құтқарушылар мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру