Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында 30 айналма жол жабылды

Карантин аймағының периметрі бойынша 30 айналма жол жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладан кіру / шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында жедел қызмет және Алматы қаласының патрульдік полиция күштері Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады.

“Сонымен, сараптамалар барысында айналма жолдардың 30-ы анықталды және жабылды, бетон блоктар орнатылды, сондай-ақ Ұлттық ұланның сарбаздарынан нарядтар қойылды. Олардың көпшілігі Алатау ауданында – 15, Жетісу ауданында – 7, Медеу ауданында – 1, Наурызбай ауданында – 4 және Түрксіб ауданында – 3 орналастырылды. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, карантиндік аймаққа кіру үшін заңсыз әрекеттерге және тыйымға қарсы келетін азаматтардың санасыз санаты бар екенін көрсетеді. Және, олар бұл шаралардың, ең алдымен, өздерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне бағытталғанын түсінбейтін сияқты. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабы – төтенше жағдай ережелерін бұзу бойынша, 47 әкімшілік материал қаралды, нәтижесінде 11 адам әкімшілік қамауға алынды, 36 адамға айыппұл салынды”, – деді, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес, барлығы бір күнде қала бойынша 1 мың 473 автокөлік кірді, олардың 484-і жеңіл көлік болса, 985 -і жүк көлігі, оның ішінде 1 мың 443 адам болды. Бір күнде қаладан 1 мың 653 автокөлік шықты, оның 544 -і жеңіл көлік, ал, 1 мың 104-і жүк көлігі, олардың ішінде 1 мың 050 адам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру