Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлт араздықты өршіткен адам 7 жылға сотталуы мүмкін

Қарағанды ​​қаласының 31 жастағы тұрғыны телефон арқылы белгісіз біреудің балағаттағанын айтып полицияға шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы ұлты – қазақ, Қарағанды ​​қаласының тұрғынын анықтады. Қарағандылық азаматпен телефон арқылы жұмыс туралы сөйлескен ол өзін басқа ұлттың өкілі ретінде таныстырады. Сөйтіп сәтсіз диалогтың соңы жанжалға ұласып, арты балағаттауға келіп тірелген. Бірақ екі жақтан жауап алған сақшылар арыз иесінің өтініш беруден бас тартатынын анықтады. Яғни өзара шекісіп қалған екеудің бір-біріне айтар шағымы жоқ. Дегенмен прокуратура қызметкерлері оларға ҚР заңнамасын түсіндірді.


Осыған қарамастан, бұл факті негізінде ҚР Қылмыстық, Кодексінің 174-бабы бойынша (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, мүліктік немесе діни араздықты қоздыру) қылмыстық іс тіркелді, оған жаза ретінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Енді осы қылмыстық істі тергеу аясында қарағандылық тұрғындардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Құрметті азаматтар, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ азаматтардың ұлтқа қатынасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын немесе кемшілігін насихаттағаны үшін, егер бұл әрекеттер көпшілік алдында жасалған болса немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолданса, қылмыстық жауаптылық қарастырылып, жазасы түрмеге қамау қарастырылған.


Полиция Департаменті азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті түсінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру