Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйіндегі жүргізуші 10 жылға сотталады

Мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі сегіз жылға ұзартылды.

Бұрын мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айрылғандар, ішкілікті күйде рөлге қайтадан отыратын болса кешірім жоқ. Осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады.

Айта кету керек, өзгерістердің бәрі “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” жаңа заң жобасында көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру