Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы жолдардағы апаттың негізгі себептерін атады

Жолдардағы ЖКО-ның негізгі себептерін ІІМ басшысы еліміздегі жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Үкімет отырысы барысында атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр қала сыртындағы трассаларға ерекше назар аударды. Оларға ауыр ЖКО-ның негізгі саны, сондай-ақ қаза тапқандардың 69%-ы тиесілі.

Жамбыл (91%), Солтүстік Қазақстан (88%), Жетісу (86%), Алматы (83%), Атырау (81%), Ақмола (80%), Түркістан (72%), Павлодар (70%), Қызылорда (70%) облыстарында бұл көрсеткіш одан да жоғары.

– Жамбыл облысынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Ташкент», Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін «Орал-Атырау» автожолдарындағы жалпы жағдай қиын. Осы облыстардағы қаза болу фактілердің 64%-ы дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы жүріс бағытына шығу және жылдамдықты арттыру, – деді министр.

Бүгінгі таңда 6 мың км-ден астам жолды бірінші санатқа ауыстыру қажет.

Қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігіне жол бойындағы инфрақұрылым да әсер етеді.

– Өкінішке орай, жол бойында кэмпингтер, демалыс орындары, тамақтану пункттері жоқ. Осыған байланысты жүргізушілер көлікті ұйқысыз және демалыссыз басқаруға мәжбүр. Осылайша олар өзін де, өзгені де қауіпке тігеді, – деді министр.

Министр тағы бір мәселе – заңсыз тасымалдаушылар екенін де атап өтті.

– Олар жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзып, аймақтар арасында тоқтаусыз жүреді. Ал көліктері қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Жалпы жыл басынан бері 800 көлік аударылған, 1 195-і ілесе қақтығысып, 1 250-і бетпе-бет соқтығысқа. Басты себеп – көлік басқару кезінде ұйықтап кету және көліктердің техникалық ақаулығы, – деді спикер.

Ол Индустрия министрлігі мен әкімдіктерге бұл бағыттағы жұмысты бірлесіп атқаруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру