ІІМ-де Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің нормаларын қолдану практикасы бойынша дөңгелек үстел өтті
ІІМ-де Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің нормаларын қолдану практикасы бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік істер бойынша Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің нормаларын қолдану практикасын талқылау мақсатында 15 мамырда Заң департаменті, Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Салтанат Шамшинурованың, ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволары заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада тұрғын үй заңнамасын қолдану және ІІО қызметкерлерінің тұрғын үй даулары бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу мәселелері талқыланды, соттардың әкімшілік істердің шеңберінде айыппұл салу және апелляциялық, кассациялық шағымдарды жоғары тұрған органмен келісу және сотқа дәлелді ұстанымды ұсыну рәсімдері бойынша проблемалық мәселелер қаралды (Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің 91, 138-баптары).
Жоғарғы соттың өкілі С.Шамшинурова ІІО заңгерлерінің қызметіне оң баға беріп, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің жаңа механизмдерін дұрыс қолданатындығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Әкімшілік процестік-рәсімдік кодекстің шеңберінде жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты практикалық ұсынымдар қабылданды.