Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Алматы халықаралық әуежайындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

ІІМ-де «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басшылығының бастамасы бойынша министр Ерлан Тұрғымбаев акционерлік қоғам Президенті Алп Ер Тугна Ерсоймен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында А. Ерсой министрге жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, компанияның Алматы қаласы әуежайының базасында Орталық Азияның өңірлік көліктік транзиттік торабын құру және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа жолаушылар терминалының құрылысына қатысты жоспары туралы айтып берді.

Сонымен қатар ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл басым болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар әуежайдың іргелес аумағындағы бейнебақылау тиімділігі мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде, Е.Тұрғымбаев ІІМ Алматы халықаралық әуежайы басшылығының жолаушылар мен әуе ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы стратегиялық нысанда құқықтық тәртіптің тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын құптайтынын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру