Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Қайырбек Сүлейменовке құрмет көрсетілді

ІІМ-де генерал-полковник Қайырбек Сүлейменовке құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырбек Сүлейменов – Қазақстан құқық қорғау жүйесінің біртуар өкілдерінің бірі. Ол ел полициясының қалыптасуына өз үлесін қосты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін екі рет басқарды.

Қайырбек Сүлейменов өз кезінде мемлекеттік, азаматтық, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық құқық саласындағы кәсіпқой-қазақстандық заңгерлердің мықты командасын құрды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның орталық аппаратының жеке құрамымен кездесуде Қайырбек Сүлейменовті туған күнімен құттықтай отырып, еліміздің барлық құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, әлеуетті құрылымдардың лайықты қызметкерлері мен басшыларын тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Қайырбек Сүлейменов кәсібіне адалдығы, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ІІМ-нің құрмет грамотасымен және Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының құрметті профессоры дипломымен марапатталды.

«Сіздің кәсіби қызметіңіз – өз Отанының патриот азаматының, адал қызмет етудің жарқын үлгісі», – деп атап өтті ішкі істер министрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру