Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық тұрғын 6 жасар ұлын іздеуге көмек көрсеткен полицейге алғысын білдірді

Көкшетаулық тұрғын 6 жасар ұлын іздеуге көмек көрсеткен полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны Полиция департаментінің Instagram аккаунтының direct-не алғыс сөздерін жазды. Азаматша 8 мамырда сағат 20:30 шамасында “102” телефонына қоңырау шалып, Көкшетау қаласының жағалауында жоғалып кеткен 6 жасар ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Белгілі болғандай, бала Ресей Федерациясынан келген атасымен серуендеуге шыққан. Бір сәтте ер адам немересінен көз жазып қалған. Өздігінен іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

Жақындарынан ұлының жоғалғаны туралы білген анасы полиция қызметкерлеріне қоңырау шалып, баланы, оның ерекше белгілерін және үстіндегі киімін сипаттап берді. Бұл ақпарат жақын маңдағы барлық полиция нарядтарына берілді.

Сол кеште Модуль 2 стационарлық бекетіне кезекшілікке түскен Көкшетау қаласы ПБ ППБ қызметінің инспекторы  Арман Дәукен жоғалған баланы іздеуге шықты. Санаулы минуттарда тәртіп сақшысы қала тұрғындары арасынан баланы тауып алды. Полицей табылған баланы анасына тапсырды.

– Сізге өте ризамын. Сіздерге және жақындарыңызға ашық аспан тілеймін, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру