Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тасымалдау ережесін бұзған 700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

ШҚО-да тасымалдау ережесін бұзған 700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында жазғы демалыс қарсаңында 25 сәуір мен 20 мамыр аралығында “Назар аударыңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Кең ауқымды республикалық акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысының дағдыларын бекіту, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Осы күнге дейін облыс бойынша тәртіп сақшылары мектеп оқушылары арасында “Жолдар мен көшелердегі тәртіп – қауіпсіздік кепілі” тақырыбында тренингтер өткізуді жалғастырып, соңында оқушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жадынамалар, брошюралар мен нұсқаулықтар таратты.

Айта кету керек, балаларды жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету үшін әр мектепте қозғалыс қауіпсіздігі бұрыштары, балалар “Автомобильдері” құрылған.

Аталмыш ЖАІШ өткізу барысында жол полициясы бөлімшелерінің посттары мен патрульдік маршруттары оқу орындарына барынша жақын орналасқан. Бұл ретте балалардың жол-көлік жарақатының негізгі себебі болып cаналатын қоғамдық тәртіпті қорғауға және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге баса назар аударылуда.

Акция басталғалы Шығыс Қазақстан облысының аумағында балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 717 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алдыңғы орындарда балаларды ұстау құрылғысын қолданбағаны үшін 145 бұзушылық анықталды.

Мысалы, 10 мамырда Өскемен қаласындағы Согринская көшесінің бойында бес жасар баланы балаларды ұстау құрылғысынсыз тасымалдап келе жатқан 47 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігімен жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бұзушылық үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ, өзінің баласын балаларды ұстау құрылғысынсыз тасымалдап жүрген 20 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны да жауапкершілікке тартылды.

ШҚО Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолда қырағы және абай болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру