ІІМ-нің жеке құрамы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық өңірінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз міндеттерін орындауда. Атаулы күні полицейлердің жұмысы қалай өтіп жатқаны туралы ведомствоның баспасөз қызметінің қызметкерлері Polisia.kz бағдарламасының мерекелік шығарылымында айтып берді.
Бүгінгі күн барлық азаматтар үшін демалыс күні болса, полицейлер үшін – қызметті күшейтетін уақыт. Қызметкерлер тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, туған жердің тыныштығын қорғауға дайын.
ІІМ баспасөз қызметі сіздерге республиканың түрлі аймағында жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының жылы лебіздерін жеткізуге асық. Түсірілім топтары қазақстандықтарға ведомствоның жеке құрамы жолдаған тілектерді жеткізді.