Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінде үздік қызметкерлерді марапаттау рəсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов карантин шараларын қатаң сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін марапаттады.

Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың сенімді қорғаушысына айналды. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің мықты іргетасы қаланды. Елордалық полицейлер азаматтардың тыныштығы үшін күн сайын денсаулығы мен өмірін қатерге тігіп, ерлік пен қайсарлық таныта отырып қаншама батырлық әрекеттер жасады.

“Бүгінде Сіздер ерлік пен батырлық танытып, елбасының есімі берілген бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласында құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етіп, Отан алдындағы борыштарыңызды адал атқарып, күнделікті еңбектеріңізбен тәуелсіздікті сақтау жолына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Полицияда батыр, мейірбан адамдар қызмет атқарып келеді, бұдан былай да солай бола бермек. Сіздер қаншама батырлық әрекет жасадыңыздар”, – деді Ержан Саденов.

Дәстүр бойынша өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Қабылдап-тарату орны кезекшісінің көмекшісі Есен Жаконбетов марапатталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің алғыс хатымен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Айдауылдау қызметі взводының полицейі Саян Ибраев марапатталды.

Дәл осы күні ағымдағы жылғы 22-29 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен әйелдер арасындағы бокс бойынша Қазақстан чемпионатында алтынды жеңіп алған Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Лəззат Күнгейбаева бағалы сыйлық қолсағатпен марапатталды. Ол бірінші орын алып және іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп Азия және әлем чемпионатына жолдама алды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы үш рет батырлық танытып, өрттен адамдарды құтқарып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалған “Сарыарқа” ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ерлан Жанабаев қолсағатпен марапатталды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқығымен 60 қызметкер және Полиция департаменті бастығының атынан 137 елордалық полиция қызметкері марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру