Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада төтенше жағдай режимі аяқталды

19 қаңтардан бастап елордада төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы жедел жағдай тұрақты және бақылауда тұр.

Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында горнизонның жеке құрамы жұмыс атқарды. Алты блокбекет тәуліктік режимге көшірілді.

Блокбекеттер мен қала ішінен тексеріс барысында жеті қару, оқ-дәрілер және 72 суық қару тәркіленді.

Сонымен қатар 11 есірткі қылмысының жолы кесілді.

Өкінішке орай, кейбір қала тұрғындары коменданттық сағатты бұзып, көшеде жүрген. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 651 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, олардың ішінде өрескел заң бұзушылыққа барған 42-сі қамауға алынып, 198-іне айыппұл салынды, қалғандарына ескерту берілді.

Тәртіп сақшылары аулалар мен пәтерлерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 76 шетелдік азамат елден шығарылды.

Полицейлер жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізу барысында коменданттық сағат режимін бұзып, қызметін жалғастырған көңіл көтеру мекемелері анықталды. Нәтижесінде 64 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды. Сондай-ақ алкогольдік өнімдерді сатқан-сатпағанын анықтау үшін дүкендерге де тексеріс жүргізілді.

Төтенше жағдай кезеңінде “102” арнасына келіп түскен қаңыраулар саны артты. Олардың басым көпшілігі анықтамалық сипатта болды. Қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтың саны едәуір азайды.

“Осы қиын күндері Ішкі істер органдары мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Азаматтар өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қолдау білдіріп, үлкен көмек көрсетті. Барлық қала тұрғындарына, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге шексіз алғысымды білдіремін. Бірлескен және жүйелі жұмыстың арқасында елордамыздағы тәртіп пен тыныштықты сақтадық”, – деді елордалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру