Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желіде жалған автокөлік сатқан алаяқ ұсталды

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде жалған автокөлік сатқан алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол арызында өзіне автокөлік сатып алмақшы болып, интернет арқылы көлік іздегенін және қол жетімді бағаға ұнаған көлігін тауып, алдын ала 75 мың теңге ақша жібергенін көрсеткен.

Алайда “сатушы” ақша алған соң телефонын өшіріп, байланысқа шықпай кеткен. Алаяқтың арбауына түскенін сезген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

13 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағыда төрт қылмысқа қатыстылығы анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру