Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада үш күнде 350-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ақмолада үш күнде 350-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін Ақмола облысында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Ақмола облысының аумағында тиісті құқықтық тәртіпті және көшелер мен қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің үш күнінде заңсыз айналымнан бес бірлік атыс қаруы, 13 дана оқ-дәрі, төрт арнайы құрал, сондай-ақ 13 бірлік суық қару тәркіленді.

Сонымен қатар, азаматтық тегіс ұңғылы қаруды заңсыз тасымалдаудың бір фактісі анықталды. Жалпы, жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында 346 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезеңінде криминалдық полиция қызметкерлері іздестірудегі адамдар, хабар-ошарсыз жоғалған азаматтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа да қылмыстарды ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру