Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ өкілдері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы және ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Ө.Болсамбеков және ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары А.Амзеев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ІІМ өкілдері департамент басшылығымен және жеке құраммен кездесу өткізді.
Достық үйінде өткен кездесу барысында қатысушылар қызметтік жұмысты талқылап, алдағы жұмыстың басым міндеттерін белгіледі.

Ө.Болсамбеков және А.Амзеев Мемлекет басшысының "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында қойылған міндеттердің жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті.

"Заң мен Тәртіп" қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін Ішкі істер органдарында 2025 жыл "Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде" деп жарияланғандығы белгілі. Осы бағытта министр қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, жұртшылықты алдын алу саласына белсенді тарту қажеттігін алға тартты.

Жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

Осы ретте Ардагерлер кеңесінің алдында үлкен еңбекті қажет ететін бірқатар міндет тұр, ең бастысы жас қызметкерлер лайықты етіп тәрбиелеу. Бүгінгі кездесу барасында осы және өзге де қызметтің маңызды тұстары талқыланды.

Жыл басынан Ардагерлер кеңесімен бірлесіп және жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты, кадр саясатын іске асыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. 78 жас қызметкер тағайындалып, оларға 78 қызметкерден тәлімгерлер тағайындалды. Жалпы облыс бойынша 13 ардагерлер ұйымы жұмыс жасауда. Ардагерлер кеңесінде 2 730 зейнеткер мүше ретінде тіркелген.

- Қызметке жаңадан тағайындалған жас мамандарға ардагерлер қатарынан тәлімгерлік бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Ардагерлеріміздің көп жылдық тәжірибесі жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы мен бейімделуіне көмектеседі, - деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары О.Омаров.

Сонан соң ІІМ өкілдері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында олар арнайы мақсаттағы бөліністің ғимаратымен танысты. Ғимаратта қажетті барлық заманауи жабдық қарастырылып, қызметкерлерге тиімді қызмет ету үшін жағдайлар жасалған. Министрлік өкілдері Қызылорда облысы полиция департаментінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен де кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру