ІІМ процессингтік орталықтар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді
ІІМ процессингтік орталықтар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жобалық басқару қағидаларына сәйкес, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аясында ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті Әкімшілік полиция комитеті мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД бөлімшелерінің базасында процессингтік орталықтар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Процессингтік орталықтардың қызметі – жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралдарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету.
Іс-шараның негізгі мақсаты – процессингтік орталықтардың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, осы құбылысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою, халықпен өзара іс-қимыл процестерін цифрландыру және азаматтардың сенімін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау 2020 жылдан 2022 жылға дейін жүзеге асырылды, оны аяқтау 15 мамырға жоспарланып отыр.