Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны “Аркан” құрылғысына 30 рет түскен

Қызылорда тұрғыны “Аркан” құрылғысына 30 рет түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 сәуірде Қызылорда облысы ПД-ның әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған Ваз-21041 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 34 жастағы жүргізушінің көлік құжаттары толық емес екені анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.

Сонымен қатар ол бірнеше ай ішінде “Аркан” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 30 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша ұйғарым шығарылып, аталған автокөліктің жүргізушісіне 783 825 теңге сомасында айыппұл салынған.

Айта кететін жайт, көліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқық бұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауының салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған. Қызылорда облысы полиция департаменті көлік құралына қатысты барлық құжаттарды уақытылы заңдастырып жүруге және жол ережесін бұзбауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру