Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қылмыстық процесті цифрландыру туралы айтты

ІІМ қылмыстық процесті цифрландыру туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.

25 маусымда Қарағанды облысында «Қылмыстық процесті цифрландыру: қазіргі жағдайы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кездесуде Мемлекет басшысының құқық қорғау ведомствосының процестерін цифрлық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің әлеуеті және қылмыстық істердіэлектрондық форматта тергеп-тексерудің ерекшелігі, полиция қызметіне цифрлық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мәселелері талқыланды.

Конференция нәтижелері бойынша ІІО қызметіне цифрлық шешімдерді интеграциялау механизмдері қалыптастырылды, қызметкерлерді даярлау және олардаәзірленетін және енгізілетін технологияларға цифрлық мәдениетті қалыптастыру кезеңдері белгіленді, диджитализация саласында шешудіталап ететін бірқатар мәселелер тұжырымдалды.

Онлайн режимінде жүргізілген конференция жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың, мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері және жақын және алысшетелдердің ғалымдары қатысты.

ІІО жаңғырту және сервистік бағдарланған полицияны енгізу жағдайында цифрландыру маңызды рөл атқарады, өйткені ол азаматтардың қауіпсіздігін жақсартуға; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ашықтықты арттыруға; полиция қызметкерлері жұмысының өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Алексей Калайчиди тергеу мерзімдерін қысқартуға, бақылауды арттыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал ететін сотқа дейінгі өндірісті жоспарлы автоматтандыруды атап өтті.

– Егер өткен жылы қылмыстық істердің 30%-ы электрондық форматта тергелсе, ағымдағы жылы 70%-ы тергелді. Жыл соңына дейін біз қылмыстық істердің барлық өндірісін 100% электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Алексей Калайчиди.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары ведомстволық жоғары оқу орындарының оқу процесіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті, себебі жаһандық диджитализация және цифрлық трасформация жағдайында мамандандырылған оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда ішкі істер органдарында цифрландыру есебінен оң нәтижелерге қол жеткізілді: халықпен тікелей байланыс қысқарды, мемлекеттік қызметтерді алу үшін әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілер азайды. Соңғысын ұсыну деңгейі 95%-ды құрайды, бұл 40 қызметтің 38-і электрондық форматта ұсынылады дегенді білдіреді. Электрондық әкімшілік өндіріс жүйесі белсенді дамуда. Патрульдік полиция қызметкерлері бүгін электронды планшеттермен жабдықталған. Сондай-ақ полицияның құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға ден қою саласында цифрлық шешімдер енгізілуде, бейнебақылау, электрондық аудио және бейне-шақырулар жүйелері белсенді пайдаланылуда.

Қылмыстық процесті цифрландыру саласында қылмыстық істерді кезең-кезеңімен цифрландырудың бастапқы нүктесіне айналған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық базасы практикалық қызметке толық енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру