Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын бастады

ІІМ «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды уақтылы анықтау, сондай-ақ жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Іс-шара барысында мас күйде жасалған тұрмыстық қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған және тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өз міндеттерін орындамайтын және алкоголь мен есірткіні пайдаланатын ата-аналарды тексереді.

Үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсетіледі.

Қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларды және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, оларға көмек көрсететін мобильді топтар құрылды.

ІІМ азаматтардан тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды.

Полицейлер елімізде 111 сенім телефоны іске қосылғанын, оған қоңырау шалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болатынын еске салды. Сондай-ақ 102 телефоны да үнемі жұмыс істейді.

«Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасы 15 қаңтардан бастап өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру