Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде “Қақпа алдындағы кездесу” жобасы ұйымдастырылды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №71 мекемесінде “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Текелі қаласының тұрғыны С. есімді азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 4-бөлігі, 58-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №71 мекемесіндегі (тергеу изоляторы) шаруашылық қызметін көрсету жасағында өтеген болатын. Жуырда тағайындалған жазасының 3/1 бөлігін өтегеннен кейін жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түрімен айыппұл жазасына ауыстырылды. Бостандыққа шыққан сотталған азаматты қақпа алдынан жақын туыстары күтіп алды.

“Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы аясында мекеме қызметкерлері сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуын анықтап, еркіндікке шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, жұмысқа орналасуға қажетті құжаттардың тізімін берді. Сондай-ақ сотталғанның бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық тұрғыда бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында психолог, заңгер және медицина қызметкерлері кеңес берді. Туыстарымен қайта қауышқан азамат мекеме қызметкерлеріне өз алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру