Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 2022 жылдың 10-12 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауа райының нашарлауы, ауқымды антициклон, жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, сондай-ақ, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстары күтіледі.

ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде (көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда) ауа райының қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ, автомобильдің тежеуін ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің сапасының өзгеруін ескеру маңызды екенін еске салады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ автомобильдер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ, кенеттен тежеу мен қозғалысқа жол бермеуге шақырады.
Бұдан басқа, ауа райы жағдайларын ескере отырып, көліктегі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, алыс сапарларға шығуды шектеуді ұсынады.

Анықтама: ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 23 ЖКО тіркелді, онда бір адам қаза тауып, 33 адам зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру