ІІО ардагерін полиция қызметкерлері мерекемен құттықтады
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы Ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция полковнигі Сабит Қуатовтың үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ардагерді қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік, мейірімділік пен бақ-береке тілеп, қызметтегі көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде, ардақты ардагер басқарма полицейлерінің құттықтаулары мен қамқорлықтары үшін әріптестеріне зор алғысын білдірді. Сондай-ақ Ішкі істер органдарына еңбек сіңірген зейнеткер – қарт әріптестерін де құттықтап, оларға табыс тіледі.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Халықаралық қарттар күні құтты болсын!