Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйіне ұрлыққа түскен ұрыны тұрғын полицияға тапсырды

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасамақ болған күдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің тұрғылықты үйінен танысы үш дана пойыз тежегішінің құрылғысын ұрлап кетіп бара жатқан кезде ұстап алғанын көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары аталған мекен-жайға жедел жетіп, күдіктіні оқиға орнынан ұстады. Содан соң полицейлер ұрлық жасамақ болған азаматты полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында құқық бұзушы арыз білдіруші азаматпен бірге спирттік ішімдік ішіп, мас халде темір ұрламақ болғанын мойындап, өкінішін жеткізді. Бас шарасы келу туралы міндеттемемен босатылды.

 Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру