ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы әскер-сарбаздармен кездесті
Павлодарда ІІО ардагерлер кеңесінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының төрағасы Өмірзақ Болсамбековтің ішкі істер органдары ардагерлерінің 5512 және 6679 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны ашқан әскери бөлімдердің басшылары құқық қорғау органдары жүйесіндегі ардагерлер нағыз офицерлердің дәстүрлерін сақтауды, жас ұрпаққа тәлімгер болатынын атап өтті. Құрметті жасына қарамастан департаменттер қызметінің барлық аспектілеріне қатысушы ардагерлер теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық білімдерін қазіргі қызметкерлермен бөліседі, ішкі істер органдарында уақыттың сабақтастығы мен байланысына жәрдемдеседі.
– Сіздер еліміздің болашағы мен үмітісіздер. Сіздерге отаныңызға, сүйікті еліңізге лайықты қызмет етуді тілеймін. Таңдалған іске және қызметтік борышқа адал болыңыздар. Жақындарыңыз бен сіздер үшін қымбат адамдардың бәрі сіздермен мақтансын, – деп тіледі милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.
Кездесу жылы жағдайда өтті. Генералдар сарбаздарға өздерінің өмір жолдары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Өмірінің көп бөлігін ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған, қызметтің түрлі бағыттары бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар ІІМ-нің барлық ардагерлері заңдылық пен адамгершілік мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өз кезегінде жас жауынгерлер әскери қызметтен алған алғашқы әсерлерімен бөлісті: жауынгерлік оқу, тұру жағдайлары, тамақтану сапасы, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру туралы айтып берді. Бұдан әрі генералдар артехқұрылыспен танысты, олардың назарына 6679 әскери бөлімінің оқу-материалдық базасы ұсынылды. Кездесу соңында ардагерлер жас ұрпаққа қызметтік борышын абыроймен атқарып, қызметтің беделін жоғары деңгейде ұстауды тіледі. Әскери бөлім басшылығы ардагерлер бұрынғыдай күш-жігерін аямай, жас ұрпақтың қалыптасуына, оларға кәсіби тәжірибе беруге және қызметте жан-жақты көмек көрсетуге ықпал ететініне сенім білдірді.