Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада өзгенің көлігін мас күйде айдап кеткен жүргізуші қолға түсті

Қызылорда қалалық полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері өзгенің көлігін айдап кеткен 38 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 21 мамыр күні сағат 12:00 шамасында қала аумағында тұрған Deawoo Nexia көлігінің ұрланғаны жайлы жәбірленуші хабарлаған. Келтірілген материалдық шығын – 800 мың теңге. ​Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кезекші тәулікте күдікті ұсталды.​ Тексеру барысында ол ұрланған автокөлікті масаң күйде басқарғаны белгілі болды.

​Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру