ІІО зейнеткері тонау қылмысын ашқан Петропавл полицейлеріне алғысын білдірді
ІІО зейнеткері тонау қылмысын ашқан Петропавл полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына 25 жылдық еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының зейнеткерінен хат келіп түсті. Ол және оның жұбайы Петропавл қаласы ПБ бірінші бөлімінің қызметкерлеріне ауыр қылмысты жедел ашқаны үшін алғыс білдірді.
Қаңтар айының соңында олардың 23 жастағы ұлына қарақшы шабуыл жасап, ұрып-соғып, құны 180 мың теңгеге жуық телефонын тартып алған. Жас жігіт таңертең полицияға жүгінді. Істі жітік біле отырып, ІІО зейнеткері бірінші ПБ қызметкерлерінің іс-әрекеттерін келесідей сипаттайды:
– Дереу тиісті жедел-іздестіру іс-шаралары қабылданды, оқиға орнына іргелес барлық бейнекамералардағы бейнежазбалар тексерілді, жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері хабардар етілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін тонау қылмысын жасады деген күдікпен 28 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды. Одан ұрланған телефон тәркіленді. Бұған дейін ер адам осындай қылмыс және бұзақылық үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол қамауда, қылмыстық іс материалдары Петропавл қаласының сотында қаралу сатысында.
– Қысқа мерзімде қылмыс жасай алатын қауіпті қылмыскер анықталып, оқшауланды. ІІО-ның бұрынғы қызметкері ретінде полиция қызметкерлерінің келісімділігі, жеделдігі мен еңбекқорлығын атап өткім келеді, – дейді жәбірленушінің әкесі.
Зейнеткер бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжановқа, оның жедел және тергеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары Қанат Орынбасаров пен Азамат Ташевқа, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Жантасовқа, аға жедел уәкіл Жаслан Мұратовқа, жедел уәкіл Темірлан Садриевке және тергеуші Светлана Балашоваға алғысын білдірді.
– Барлық қызметкерлер өз міндеттерін орындады. Дегенмен, ІІО зейнеткерінің жоғары бағасы олар үшін көп нәрсені білдіреді және одан әрі қызмет етуге ынталандырады, – дейді Тілеген Әлжанов.