Индер ауданында адасып қалған баланы полицей отбасына табыстады
Индер ауданында полиция капитаны адасып қалған баланы тауып алып, ата-анасына табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов мектебі маңайында адасып, жылап жүрген баланы байқап қалған полицей Алтынай Измұханова ойланбастан, баланың жанына барып, жұбатып, айналадан сұрастыра жүріп, бөлімге ертіп келіп, оқиғаны басшыларға баяндайды.
5-6 жастағы бүлдіршіннің туыстарын анықтау жұмыстарына бөлім қызметкерлері түгелдей жұмылдырылды.
Ұзамай, кішкентай Шыңғыстың тұрғылықты жері мен ата-анасы да анықталды.
Балаларын өз беттерімен іздеп таппаған соң, полицияға хабарласайын деп отырғандарын айтып, Шыңғыстарының аман-сау табылғанына қатты қуанып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты.