Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жерасты ойындары: жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеп тұрған

Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысандар әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде “Ақсай-1” ықшамауданында анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Көзге бірінші түскен нәрсе терезесі жоқ бөлме, ол желдетілмейді дегенді білдіреді. Ал, бұл уақытты компьютерлік ойындар ойнаумен өткізетін адамдар үшін қауіпсіз емес. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды, ол өз құзыретіне сәйкес кейіннен ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді. Бұл дегеніміз, 230 АЕК көлемінде айыппұл, қазіргі уақытта 638 мың теңгеден асады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Естеріңізге сала кетейік, қала жағдайында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасында шектеулі шаралардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын арнайы мобильді топтар бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру