Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет алаяққа ақтөбелік алданып қалды

Қарағанды тұрғыны интернет желісі арқылы Ақтөбе тұрғынын алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Колеса.кз» сайты арқылы 1989 жылы туған алаяқ бензобак қақпағын және автокөлікке қосалқы бөлшектерді сату сылтауымен 1987 жылы туған жәбірленушіден екінші деңгейдегі банктердің бірінің қосымшасы арқылы 22 мың тенгені иемденді.

Күдікті ұсталды және Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға интернет арқылы мәміле жасау кезінде сондай-ақ көшеде бейтаныс адамдарға сенім артпауды ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру