Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдің телефонын туысы ұрлап кеткен

Түркістан облысының полицейлері туысының ұялы телефонын ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында үйінде жиын өткізген күні кір жуғыш машинаның үстіне қойған ұялы телефонын белгісіз біреу алып кеткені, таппай қалғаны жөнінде хабарлама түсірген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 65 000 теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде ұялы телефон Абай ауылындағы ломбардтардың бірінен табылды. Содан полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, куәгерлерден жауап алды. “Жау алыстан келмейді” дегендей, ұялы телефонды ұрлаған жәбірленуші әйелдің туысы, яғни абысыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай ол оңай жолмен ақша табу мақсатында ұялы телефонды ұрлап, ломбардқа 18 000 теңгеге өткізіп жіберген. Ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс-құжаттары Келес аудандық сотына жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңызбен, ұялы телефондарыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ұялы телефондарыңызды кез-келген жерге тастамаңыздар. Мүмкіндігінше жаныңызда аузы жабық сөмке мен ішкі қалтаңызда сақтаңыз. Егерде сізде, осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру