Интернет-алаяқтық туралы бейнероликтер байқауында мектеп оқушысы жеңімпаз атанды
Интернет-алаяқтығы жайындағы бейнеролик бойынша Қарағанды облысының ПД-ның жариялаған байқауында мектеп оқушысы басты жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының полиция департаментінде интернет-алаяқтарының әдістері туралы үздік бейнероликтер байқауының қорытындысы өтті. Оған БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, блогерлер, сондай-ақ оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында интернет-алаяқтығының алдын алу және ескерту, журналистерді, блогерлерді, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін құқық бұзушылықтың осы түріне қарсы іс-қимылды белсенді насихаттауға тарту.
Байқауға интернет-ресурстарда, телеарналарда шыққан бейнероликтер жіберілді. Оларға келесідей талаптар қойылды: азаматтар арасында қылмыстың осы түрінің алдын алуға ықпал ететін тақырыпқа сәйкес жоғары кәсіби деңгей. Байқаудың демеушілері: ForteBank, Halyk Bank және Kaspi Bank болды. Бірінші орын алғанды 300 мың теңге күтіп тұрса, екінші орынға – 200 мың теңге, үшінші орынға – 100 мың теңге бұйырды.
Байқауға барлығы 50-ге жуық жұмыс келіп түсті. Оларды БАҚ өкілдері, демеушілер арасынан тәуелсіз қазылар алқасы қарады. Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді: тақырыптың толық ашылуы, ұсынылған ақпараттың өзектілігі, автордың шығармашылық тәсілі.
Байқаудың қатысушылары қатысқан қорытынды іс-шарада жеңімпаздардың есімдері аталды. Оларға облыстың ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин сөз сөйледі.
– Қазіргі уақытта интернет-алаяқтығы қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі. Сондықтан біз байқауды азаматтарымыздың осы, Сіздердің бейне роликтеріңіз арқылы түсінікті түрдеескертілгендерін қаладық. Бүгін қорытындысын шығардық. Барлықтарыңызға осы қылмысқа шығармашылық тәсілмен қарағандарыңыз үшін рақмет айтамыз. Біздің осы бірігіп жұмыс істеуіміз алда да жалғасын табады деп ойлаймын, – деді ПД бастығының орынбасары.
Байқаудың қорытындысы бойынша IPhone 13 Pro бас жүлдесі Гран-приды ұтып алған №15 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Ангелина Газдиеваға табысталды. Бірінші орын – Айсұлтан Жақыповқа, екінші орын – Бекжан Есеновке, үшінші орын – Елена Сахарчукке бұйырды. Оларға байқауға қатысушының дипломы және ақшалай ұтыстар табысталды. Бұдан басқа, ҚР-ның ІІМ нышаны бейнеленген қол сағаттары Айзат Мұстафина, Ержан Райханов, Алихан Семби, Валентина Драгне, Алимхан Сарсенбаев, Ержан Досжановқа бұйырды.
– Мен төрт жыл бойы бейнемонтажбен айналысып келемін. Тек балалар ғана көре алатын емес, сонымен қатар ересектер де қызықты болатын, жаңа нәрселерді білетін ақпараттық бейнелер шығарамын. Байқаудың шарттарын білген кезде, мені аталған тақырып өте қатты қызықтырды. Сол себепті көрермен менің видеороликтерімді көру арқылы интернет-алаяқтығы туралы және онымен қалай күресу керек екенін білсін деген ниетпен өз үлесімді қосамын деп шештім. Мұндай жеңісті ұтып аламын деп күтпедім, жалпы, басқа да жұмыстар жоғарғы деңгейде болды деп есептеймін. Әрине, өзімнің сәттілігімен қуаныштымын, – дейді Ангелина Газдиева.