Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде сауда агенті компанияның млн теңгенің мүлкін иемденіп алған

Өскеменде сауда агенті компанияның млн теңгенің мүлкін иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің “102” жедел арнасына ЖШС-тің 33 жастағы директоры жүгінді. Жәбірленуші 25 жастағы бұрынғы сауда өкілі компанияның өзіне сеніп тапсырылған мүлкін, атап айтқанда 920 мың теңгеден астам сомаға темекі бұйымдары мен НЕО жылыту құрылғыларын иемденіп, ысырап еткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған жауапсыз қызметкерді ұстады.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру