Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда синтетикалық есірткіні қойып кетіп жүрген елордалық әйел ұсталды

Көкшетауда синтетикалық есірткіні қойып кетіп жүрген елордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусымда патрульдік полиция батальонының экипажы Көкшетау қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, синтетиканы қойып кетті деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында әйелдің қылмыстық кәсіппен айналысатыны және ұсталғанға дейін бір күн бұрын келісілген орынға кейіннен интернет-ресурстардың көмегімен тарату үшін есірткінің 10 түйіншегін салып үлгергені анықталды.

Сонымен қатар, азаматты жеке тексеру кезінде тағы 15 ұқсас пакет табылды, оның құрамы мен шығу тегі сот-химиялық сараптамамен белгіленеді. Болжам бойынша, ол синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ, тінту барысында жедел уәкілдер телефон тәркіледі, оның көмегімен салушы бейне есеп жасап отырған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру