Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет-алаяқтықпен айналысқан ғашықтар анықталды

Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан «ғашықтарды» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 желтоқсанда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Қала тұрғынының айтуынша, оған ұялы телефон арқылы коллекторлар хабарласқан. Осылайша белгісіз адамдар ер адамның жеке деректерін пайдаланып, оның атынан 2020 жылдың ақпан айында онлайн-несие алған болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сол күні полицияға тағы бес жергілікті тұрғын дәл осындай арызбен жүгініп, көмек сұраған.

Полицейлер алаяқтардың жеке басын анықтау үшін барлық қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілердің ізіне түсіп, ұстады. Олар екі жергілікті тұрғын, жігіт және оның сүйіктісі болып шықты. Ғашық жұптар осылай, жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындады.

Қазіргі уақытта тергеушілер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция бұл жұптың алаяқтықтан зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерін ешкімге бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру