Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Банктің бұрынғы қызметкері тұрғындарға 75 миллион шығын келтірді

Жамбыл облысындағы банктің бұрынғы қызметкері тұрғындарға 75 миллион шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Меркі ауданында Алматы қаласының 42 жастағы тұрғыны банк салымшыларының бірінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Әйел банкте бөлімше директоры болып жұмыс істеген және клиенттердің ақша жинақтары туралы мәліметке де ие болған.
2016 жылы банктің бөлімше директоры боп қызмет істеп жүрген кезінде, қор биржасында ақша табу сылтауымен салымшы әйелдің бірінің сенім кіріп, одан 100 мың доллар ақшасын алған. Бір айдан кейін алаяқ әйелге тағы да хабарласып, 30 мың доллар сомасын алды. Өзіне сенген әйелдің банктегі шотында қаражат қалмағанын түсінген алаяқ сол кезде жәбірленушінің анасының шотындағы жиналған 27 миллион теңгені шешіп алуды ұсынады. Ол алынған соманы көбейтіп қайтаруға уәде берді. Бұнымен тоқтап қалмай, алаяқ банктің салымшысы болған жергілікті кәсіпкердің сеніміне кіріп, дағдылы әдетімен оның 3,5 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденген, алған ақшаны жақын арада пайызымен қайтаруға уәде береді.

Әрбір әрекетін тек түбіртекпен істеп отырған. Әйел ақшаның бизнесменнің шотында тұрғанын айтып сендіреді. Алайда, ештеңеден күдіктенбеген ер адам екі аптадан кейін банкке келіп, шотында ақшаның жоқ екенін көреді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша тіркелді.

Меркі ауданының аға тергеушісі Ж.Серіктің кәсібилігінің арқасында алаяқтың іс-қимылы толық ашылып, күдіктінің кінәсі дәлелденді.
Сот үкімімен әйелге алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру