Интернет-алаяқтықтың алдын алу: полиция тұрғындарға 1500-ден астам жадынама таратты
Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға 1500-ден астам жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары халық арасында интернет-алаяқтық тәуекелдері мен оның алдын алу, азаматтарды алаяқтардың әрекеттерінен қорғау және желідегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шараларды белсенді түрде жалғастыруда.
Мәселен, Арыс ауданының полицейлері білім беру мекемелері мен ұйымдарында, қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың түрлері, схемаларын анықтау тәсілдері туралы жеткізіп, 1500-ден астам ақпараттық жадынама таратты.
Негізгі мақсат — халықтың, әсіресе алаяқтардың құрбаны болатын жастар мен қарттардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Азаматтарға жеке деректерін, банк карточкаларының кодтарын бөгде адамдарға жария етпеуді, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді ескертеді.