Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернеттен көлік жүргізу куәлігін «сатып алмақ» болған ақмолалық алаяқтарға тап болды

Интернеттен көлік жүргізу куәлігін «сатып алмақ» болған ақмолалық алаяқтарға тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына 28 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық жолмен оның 130 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденген белгісіз адамға шара қолдану туралы өтінішпен жүгінді.

Ақмолалықтың айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде ол жүргізуші куәлігін жасау туралы хабарландыруды көрген. Жас жігіт жарнамада көрсетілген сілтемеден өтіп, нұсқауларды орындай отырып, WhatsАpp мессенджерінде көрсетілген телефон нөміріне банктік қосымшаның көмегімен ақша аударған.

Алайда, ақша аударымын алғаннан кейін, хабарландыру авторлары өтініш берушіні әлеуметтік желіде бұғаттап, байланысын тоқтатқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ оларды пайдалану ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Ресми құжаттарды тек мемлекеттік органдардан алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру