Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интимдік қызмет көрсеткен 4 әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы және қонақ үйде интимдік қызмет ұсынған жеңгетайлық пен жезөкшелік жайттарының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында облыстық Полиция департаментіне қарасты аудандық полиция бөлімдері «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты – заңсыз адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық және басқа да құқық бұзушылық деректерінің жолын кесу. Полиция қызметкерлері аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, моншалар мен басқа да нысандарды тексерді, себебі онда еңбек пен жыныстық пайдалану жайттарын анықтау ықтималдығы жоғары. Қорытындысында тәртіп сақшылар жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысқан бірнеше жайттарды анықтады.

Мысалы, Жетісай ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притон ұйымдастырған және жезөкшелікпен айналысқан деген күдікпен тұрғынды ұстады. Ол жеңілжүрісті қыздарға келген клиенттерден сыйақы алу үшін жеңгетайлықпен айналысқан. Сондай-ақ полицейлер интимдік қызмет көрсеткен төрт әйелді ұстады.

Сол күні тәртіп сақшылары Келес ауданында өз үйінде жезөкшелікпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Қыз әлеуметтік желі арқылы өзінің интимдік қызмет көрсететінін жариялаған.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қолхатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру