Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде әйелдерді тонаған ер адам қамауға алынды

Елордалық полиция қызметкерлері әйелдерді тонаған ер адамды ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға сағат 22.00-де орын алған. Белгісіз ер адам артынан жүгіріп келіп, жерге құлатпақ болған және қолынан ұялы телефонын тартып алғысы келген. Көмек сұрап айқайлаған дауыс, өтіп жатқан адамдардың назарын аударған. Қылмыскер қорыққаннан оқиға орнынан қашып кеткен.

Тонау жасауға оқталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына тез арада шығады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.

Полицияға жеткізілген күдіктіні жәбірленуші таныды. Полиция тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адамның белгілері бұрын екі әйел адамға шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға келетінін анықтады.
Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, кешке жақын үйіне келе жатқанда белгісіз адам басынан бірнеше рет ұрып, қолынан ноутбугын, жеке заттары салынған сөмкесін, ұялы телефонын тартып алған. Содан соң белгісіз бағытта жасырынып кеткен. Екінші жәбірленушінің айтуынша, үйіне қайтып келе жатқанда қарсы келе жатқан ер адам қасынан өтіп кетіп, кенеттен артқа қайтқан.

Артынан келіп, ұялы телефонын тартып алған. Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Жасаған іс-әрекетін мойындады.

Әйелдердің бірінің ноутбугын және жеке заттарын жерге көміп тығып қойған.

Ұсталған адам Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Ардак :

    Елордалык полиция кызметкерлери жаксы жумыс жасауда

  2. Алишер :

    Молодцы! Сотрудники сработали оперативно

Жауап қалдыру