Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ипотека рәсімдеуге көмектесемін»: ШҚО-да тұрғындардың атынан заңсыз несие рәсімдеген алаяқ құрықталды

ШҚО-да ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп тұрғындарды алдап, заңсыз несие рәсімдеген алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны арызбен жүгініп, танысы оған ипотекалық несие алуға көмектесемін деп оның жеке деректерін алып, банктің мобильді қосымшасы арқылы оның атына үш млн теңге ақшалай несие ресімдегенін айтқан.

Келесі күні Ертіс ПБ кезекші бөліміне қаланың 51 жастағы тұрғынынан осыған ұқсас тағы бір арыз түсті. Ер адамның сөзінше, бейтаныс жігіт жоғарыда аталғандағыдай, жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотекалық несие алуға көмек көрсету сылтауымен жәбірленушінің телефонына орнатылған мобильді қосымша арқылы оның атына жалған несие ресімдеген. Одан әрі алты млн теңгені өзінің банк шотына аударған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ертіс ПБ ЖПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй ісін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру