Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі азаматтарды қабылдады

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов онлайн-форматта азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде ІІМ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ведомство тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды өткізеді.

Мұндай іс-шаралар халыққа жақын болуға, ең бастысы – азаматтардың проблемаларымен танысып, сол мәселелерді шешу бойынша дереу шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, қабылдаулар министрлік деңгейінде де, аймақтық департаменттерде де жиі өткізіледі.

Азаматтарды қабылдауға ІІМ-нің тергеу, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, идеологиялық және имидждік жұмыс департаменттерінің бастықтары қатысты. «Zoom» арқылы аумақтық полиция департаменттерінің басшылары да қосылды.

Азаматтарды негізінен қылмыстық істі тергеу сапасы мен мерзімдері, негізсіз іс қозғау және тағы да басқа мәселелер қызықтырды. Тұрғындардың шағымдары мен өтініштері тыңдалды.

Бірқатар нақты фактілер бойынша ішкі істер министрі қызмет басшыларына жедел және сындарлы шаралар қабылдауды тапсырды.

Қосымша зерделеуді қажет ететін іс материалдарын Марат Ахметжанов жеке бақылауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру