Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері үйінен қашып кеткен жасөспірім қызды іздеп тапты

Ақмола полицейлері үйінен қашып кеткен жасөспірім қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Целиноград аудандық полиция бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің 36 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті. Ол бір күн бұрын оның 16 жастағы жиені үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Бұл сағат 16.00 шамасында болған.

Жасөспірім қыз, оның ағасы және інісі осы әйел адамның қамқорлығында. Әйел 16 жастағы қыздың WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығып, өзінің орналасқан жері елорда аумағында екенін, бірақ мекенжайын атамайтынын және қайтып оралғысы келмейтінін айтқанын хабарлады.

Туысқанының орналасқан жерін анықтау сәтсіз болғаннан кейін әйел полицияға жүгінді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер кәмелетке толмағанның аудан аумағынан кетпегенін анықтады. Қыз осы уақыт бойы осы ауылда тұратын құрбысының үйінде болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция жасөспірім қызды үйіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру