Ішкі істер министрі Әзірбайжан елшісімен кездесті
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Әзірбайжан елшісімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоғлановпен кездесті.
Кездесуге қатысушылар қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін талқылады. Сондай-ақ іс-шара барысында Әзірбайжан елшісі осы елдің ІІМ-нің Қазақстандағы өкілі Анвер Зохраббейлиді таныстырды.
Бұдан басқа, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.