Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі депутаттарға елдегі есірткі ахуалы туралы айтып берді

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістегі Үкімет сағатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша сөз сөйледі. Онда ол дүние жүзінде мыңнан астам есірткі түрі бар екенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда шамамен 700-ге жуық есірткі немесе аналог бар. Елдегі есірткі ахуалына үш негізгі фактор әсер етеді. Олар: каннабис шикізаты (Шу алқабы, Қызылорда); «Солтүстік бағыт» арқылы өтетін ауған героині; синтетикалық есірткінің таралуы.

Есірткі ахуалының күрделенуіне қарай келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1990 жылдары отандық есірткі нарығында марихуана, гашиш, шикі апиын басым болды, сонымен қатар ауған героинінің алғашқы партиялары пайда болды.

2000 жылдардың басында героинге тәуелділіктің өсуі байқалды. Кейінірек синтетикалық каннабиноидтар пайда болды.

2015 жылдардан бастап құқық қорғау органдары синтетикалық есірткінің толық таралуына тап болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру