Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ержан Саденов синтетикалық есірткіге қарсы күрес шаралары туралы баяндады

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттарға мемлекеттің “синтетиканың” таралуымен қалай күресіп жатқанын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 2015 жылдардан бастап құқық қорғау органдары синтетикалық есірткінің толық таралуына тап болғанын хабарлады.

– Алғашқыда біздің заңнама жедел әрекет етуге мүмкіндік бермеді. 2019 жылға дейін Есірткінің тізімі тек Заң деңгейінде реттелетін. Тиісті нормаларға өзгеріс еңгізу бір жылдан астам уақытты алатын. Есірткі нарығы бақылаудан тыс жаңа заттардың құрамындағы 1-2 молекуланы алмастырып үлгеретін. Бұл есірткі сатушылардың заңнаманы айналып өтуіне ықпал етті, – деді Е. Саденов.

Осыған байланысты ІІМ тиісті заң жобасын әзірледі. Ол Үкіметке есірткі тізімін бекіту құзыретін берді. Бұл заң Үкіметке есірткі тізімін бекіту өкілеттігін міндеттеді. Қазіргі есірткі тізімін келістіретін органдарды 11-ден 3-ке дейін (Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері) азайту қарастырылып жатыр.

Құрылымдық элементтер “аналогтар” мен “алмастырушылар” енгізілді. Әдеттегідей емес батыл шешімдер қабылдау арқылы “революциялық” түзетулер қабылданған.

– Біріншіден, жаңа психикалық белсенді заттарды бақылауға алудың нақты механизмі енгізілді. Қазіргі таңда елімізде есірткінің барлық түрі бақылауға алынды. Екіншіден, оларды тізімге қосу процедурасы 1 айдың ішінде енгізіледі. Еуразиялық Одақ елдерінің тізбелерінде немесе Біріккен ұлттар ұйымы Халықаралық комитетінің ұсынымдарында есірткі заттардың болуы жеткілікті. Үшіншіден, елімізде есірткінің жаңа түрі пайда болмай тұрып бақылауға алынады, – деді ІІМ басшысы.

Аталған өзгерістер енгізілген күннен бастап синтетикалық есірткімен күресудің құқықтық құралдары пайда болды. Соңғы 5 жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі 10 келіден-1 тоннаға дейін күрт өсті. (2019 жылы – 10 келі, 2020 жылы – 50 келі, 2021 жылы – 100 келі, 2022 жылы – 582 келі, 2023 жылы –  1 тонна 40 келі).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру