Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Австрия ішкі істер министрліктері қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимылды нығайтуда

Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Австрияның Федералдық ішкі істер министрі Герхард Карнерді қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды: трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру және экстрадициялау, сондай-ақ көші-қонды бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.

Ведомстволар арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және практикалық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды тереңдету және заманауи қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру ниетін бекітетін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл келісімдер қауіпсіздік саласындағы Қазақстан – Австрия әріптестігін дамытуға қосымша серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру