Ішкі істер министрі Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
ІІМ-де Қазақстан Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуде қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелері талқыланды.
Cондай-ақ тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.