Ішкі істер министрі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Ішкі істер министрі Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ІІМ-де Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүшекеевпен кездесті.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ қырғыз азаматтарының Қазақстанда болуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог атмосферасында өтті.