Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері ІІО-да есепте тұрған 762 адамды тексерді

Екібастұз полицейлері ІІО-да есепте тұрған 762 адамды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары бекітілген әкімшілік учаскелерде тұрақты негізде аулаларды және пәтерлерді аралайды. Мұндай іс-шаралар әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол беретін адамдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтар, қолайсыз отбасылар ерекше назарда. Жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа сауда орындары, қоғамға жат әрекеттер мен қараусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары тексеріледі.

Тек бір апта ішінде полицейлер ІІО-да есепте тұрған 762 адамды тексерді. Нәтижесінде алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар тарапынан 25 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, ескертулер шығарылды.

Мысалы, 21 мамырда сағат 15.50 шамасында сатушы мен ер адам арасында болып жатқан жанжал туралы шақыру түсті. Ер адам ақша сұраған. Полиция “сатып алушыны” істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. 35 жастағы ер адамның ІІО есебінде тұрғаны, онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілгені және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша хаттама жасалғаны анықталды. Бірінші рет әкімшілік жаза – ескерту жасалды.

– Тексерулерден басқа, учаскелік полиция инспекторлары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша да жұмыс жүргізеді. Тек биылдың өзінде 28 адамның 14-і жұмысқа орналастырылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шәкарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 15-25 мамыр аралығында Екібастұз өңірінде ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру